Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 млн теңге бөлінеді

53
30.10.2024 13:07

 Балалар "Маша и Медведь" пен "Синий трактормен" шектелмей, қазақша мультфильмдер көруі тиіс. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram арнасында осылай деді. Оның сөзінше, қазақ тіліндегі мультфильмдер өте аз, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы. Осы мақсатта, келесі жылдың бюджет жобасын қарастыру барысында, қазақ тіліндегі мультфильмдер жасауға 350 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Және олардың тек теледидарға емес, міндетті түрде интернетке, соның ішінде YouTube-қа жүктелуін қамтамасыз ететін норманы заңға енгізілген. Бұл балалардың қазақ тілінде қызықты контентке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтпек.