Жетісай ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заманауи үлгідегі білім ордасы «Тұран» мектеп-гимназиясы деп аталады. Жаңа білім ордасында 1200 оқушының білім алуына мүмкіндігі бар. Стандартқа сай салынған білім ұясында, балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Мәселен мұнда мультимедиялық және лингафондық кабинеттер мен зертханалар тіпті тігін шеберханасы да бар. Жаңа білім ғимаратының ашылғанына қуанған жетісайлықтар мемлекетке және осы игілікті іске күш жұмсаған барлық сала мамандарына өз алғыстарын білдірді.