Каспий жағалауына итбалықтар қырылып жатыр. 24-29 қазан аралығында теңіз жағалауында жүргізілген мониторинг кезінде 289 итбалықтың өлексесі табылған. Мониторинг жұмыстарын Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері гидробиология және экология институтының өкілдерімен бірлесіп жасады. Айта кетсек, бұл бірінші жағдай емес, биыл сәуірде Каспий жағалауынан сексенге жуық итбалықтың өлексесі табылды. Сондай-ақ эколог итбалықтар нақты қадағалаудың жоқтығынан қырылып жатқанын айтқан еді.