Түркістан
EN

Жетісайда өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жұмыстарын күшейту тапсырылды

72
30.10.2024

Жетісай ауданында 2030 жылға дейін ауыл шаруашылығы, сауда, өнеркәсіп, құрылыс салаларын дамытуға басымдық беріліп отыр. Әсіресе, егістік алаңдарына тиімді тәсілді қолданып, өнімділікті арттыру жоспарда бар. Аудан әкімі Серік Мамытовтың айтуынша шаруалар әдеттегі әдіспен 1 гектар жерден 2,7 тонна мақта алады екен. Ал, су өнемдеу технологиясының арқасында 6 тонна ақ алтын жинауға болады дейді.