Түркістан
EN

Мақтааралда мақта кластері дамиды

55
30.10.2024

Мақтаарал ауданында 2030 жылға дейін жалпы құны 70 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі  жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ол мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған. Осы арқылы 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы облыс әкімдігінде Мақтаарал ауданының экономикалық даму стратегиясы талқыланған мәжілісте айтылды. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды мақталы ауданның даму қарқынын арттыру керектігін айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.