Түркістан
EN

Мал шаруашылығына бөлінген 200 млн теңге жымқырылған

53
30.10.2024

Мал шаруашылығына бөлінген 200 млн теңге субсидияны қолды қылған. Қылмыстық схеманы Түркістан облысының прокуратурасы анықтады. Атап айтқанда, Сауран ауданының тұрғыны 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, үш жыл ішінде иеліктерінде шын мәнінде жоқ ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия алып отырған. Қазіргі таңда прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.