Түркістан облысындағы жөнделген жолдарда кемшілік көп. Мәселен ұлттық сапа орталығы жыл басынан бері 145 нысанды 396 рет тексеруге барған. 1882 сынама алған. Оның 784 сі талапқа сай келмей шығыпты. Анықталған 269 кемшілік түзетілді, деді филиал директоры Ғалымжан Өтенбаев. Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары мердігерлердің жұмысын сынға алды. Мекемелер, өздеріңізге жүктелген міндеттемелерді сапалы әрі тиісті деңгейде атқару қажет, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы. Нақты нәтижелер болмаған жағдайда аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары мен бөлім басшылары жазаланатынын ескертті.