Түркістан
EN

Арыс қаласының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясы әзірленді

91
29.10.2024

Арыс қаласында алдағы алты жылда өндіріс орындары көбейіп, инвестиция артады. Ауыл шаруашылығы мен логистика салаларында да маңызды жобалар іске аспақ. Оның барлығы Арыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына еніп отыр. Қаланың даму жоспарын шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндады. Сондай-ақ қала әкімінің айтуынша осы жылдан бастап Арыстағы жылыту орталығы көгілдір отынға қосылыпты.