Елімізде жыл басынан бері 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылған. Көрсеткіш 2028 жылға қарай екі есеге артады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің сөзінше, биыл салаға шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылып, екі есе өскен. Ал, өндіріс көлемі 3 трлн. теңгеге жетіпті. Ведомство басшысы отандық машина жасау көлемін арттыруға бағытталған жұмыстарды атады.