Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысының айтуынша, Моңғолия – Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Қос халықтың дәстүрі мен мәдени-тарихи тамыры ортақ. Келіссөз барысында Қазақстан мен Моңғолия арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы декларацияға қол қойылды. Бұл қадам қос халықтың игілігі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деген сенім бар. Айта кетсек, бұл Қазақстан Президентінің Моңғолияға алғашқы мемлекеттік сапары.