Түркістан
EN

Сайрам ауданында тың жобалар жүзеге аспақ

101
29.10.2024

Түркістан облысының Сайрам ауданында 2030 жылға дейін 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл межеге аудандағы өнеркәсіп саласын дамытып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізу көзделіп отыр. Аудан әкімінің айтуынша, Сайрам негізінен сүт, ет шаруашылығына маманданған, тамақ өнеркәсібі дамыған аудандардың бірі және кәсіпкерлік белсенділігі де жоғары.