Бәйдібек ауданында бірнеше нысан салынып жатыр. Шақпақ, Ақбастау елді мекеніндегі спорт кешені, Амансай елді мекеніндегі мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүруде. Аталған нысандар бой көтеруіне «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы сеп болған. Олардың құрылысы 2025 жылы толықтай аяқталып, тамыз айында пайдалануға беру жоспарда бар.