Түркістан
EN

Полиция қызметкерін көлікпен сүйреп өткен жүргізуші ұсталды

72
29.10.2024

Тәртіп бұзған көлік жүргізушісі полиция қызметкерін құжат толтырып тұрған жерінен сүйреп әкетті. Алматы облысында болған оқиға көліктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда полицей жол ережесін бұзған көлікті тоқтатқаны көрінеді. Құжаттарды рәсімдеу кезінде 34 жастағы жүргізуші тәртіп сақшысының талаптарын елемей, есігін тарс жауып жүріп кеткен. Сүйтіп полиция қызметкерін 10-15 метрге сүйреп әкетіпті. Дегенмен қашуға тырысқан тұрғын көп ұзамай қолға түсті. Қазіргі уақытта құқық қорғау органының қызметкеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.