Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған. Айта кетсек, биыл қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 83,9 млн долларға жеткен. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келешекте екі елдің тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізуіміз керек деп отыр.