«Отбасы – бақыт мекені». Түркістанда дәл осындай атаумен форум өтті. Жиында жанұя құндылықтары сөз болып, өзара байланысты нығайту жайы талқыланды. Жалпы форумның мақсаты – жастар арасында отбасы институтын қайта жаңғырту. Онда қоғамға белгілі спикерлер баяндама оқыды. Олар отбасылық өмірдің түйткілді мәселелерін ортаға салып, жастарға психологиялық кеңестер берді. Форумға келгендердің дені қыз-келіншектер. Олар жиын соңында көкейтесті сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.