Келес ауданындағы Ынтымақ елді мекенінің тұрғындары 2022 жылы таза ауыз суға қол жеткізбек. Ауылда 2 жарым мыңнан астам адам тұрады. Осыған дейін оларға тіршілік нәрі әкімшілік тарапынан беріліп келген екен. Аптасына бір отбасына 80 литрге дейін үлестіріліпті. Қазірде аймақтағы жер асты су қорына 2 жыл бойы геобарлау жүргізген зерттеушілер оң қорытынды алған. Тиісінше мердігер анықталып, қазба, ауыз су жүйесін тарту ісі қарқынды жүргізілуде. Құбырдың ұзындығы 74 шақырым. 40 шақты жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. Жобаның жалпы құны 1 млрд. теңгеге жуықтайды.