«Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша әкімдердің рейтингі әзірленді. Ол бойынша тазалық шарасын үйлестіруде Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, аудандары мен Түркістан қаласының әкімдері үздік атанған. Ал Сарыағаш, Шардара, Түлкібас аудандары мен Арыс, Кентау қалаларының басшылары орта дейгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізіпті. Қалған аудандардың жұмысы жүйесіз. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Айта кетсек, бүгінге дейін аймақта барлығы 624 ауқымды сенбілік өткізілген.