Елімізде 3 күнде 4 есірткі зертханасы жойылды. Полиция күдікке ілінген алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. Бұдан бөлек 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. ІІМ-нің мәлімдеуінше заңсыз айналымнан барлығы 35 келіден астам есірткі тәркіленген.