Жетісай ауданындағы Сәтпаев елдімекенінде мәдениет үйі қолданысқа берілгеніне 40 жылға жуықтаған. Содан бері жөндеу көрмеген нысан әбден тозыпты. Жергілікті билік оған өткен жылы назар аударып, мәдениет үйіне күрделі жөндеу басталған. Оған 691 млн қаражат жұмсалыпты. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, ел игілігіне берілді. Жаңартылған кешенде мәдениет үйінің қызметкерлерімен қатар ауылдық кітапхана, спорттың волейбол, футбол және шахмат, тоғызқұмалақ, бокс үйірмелері жұмыс істейтін болады.