Түркістан
EN

Әуежайдағы бомба: Жалған ақпаратты таратқан кім?

83
20.12.2021

Шымкент әуежайына бомба қойылған. Бұл туралы белгісіз біреулер аэропорттың электронды поштасына хат жіберіп, хабардар еткен. Жұртты шошытқан хабарлама бүгін түнде сағат 2 шамасында келіп түсті. Осыдан соң терминалда жүрген барлық жолаушылар мен әуежай қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылған. Осының кесірінен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау әуе рейстері өз уақытынан 1,5 сағатқа кешікті. Ал полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер, ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары жұмыла жұмыс жүргізді. Нәтижесінде бұл хабарлама жалған болып шықты. Қазір оны таратқан адам іздестіріліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.