Түркістан
EN

Дабыл жүйесін тегін қойып берді

179
24.10.2024

Былтыр елімізде 12 мыңға жуық өрт оқиғасы тіркелді. Олардың 70 пайызға жуығы тұрғын үй секторларында болған. Тілсіз жау әсіресе қыс мезгілінде көбейе түседі. Оның алдын алу үшін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров  тұрғындармен кездесіп, қысқы дайындық жұмыстарын пысықтады. Аймақта 17 мыңнан астам шаңырақ бар. Оның 7880-і табиғи газбен қамтылса, қалған 9 мыңнан астамы қатты отынмен жылынып отыр. Аймақ басшысы төтеншеліктерге үй-үйді аралап тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруді сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға дабыл жүйесін тегін орнатуды тапсырды.