Түркістан
EN

Түркиядағы терактіден зардап шеккен қазақстандықтар жоқ – СІМ

182
24.10.2024

Түркиядағы терактіде зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Айта кетейік, кеше Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды. Қайғылы оқиғадан соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Ал Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның мәлімдесінде Түркияның TUSAŞ аэроғарыш компаниясының нысанындағы теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылған. Министрдің айтуынша, шабуылды жасаған екі лаңкес залалсыздандырылған. Олардың бірі әйел.