Түркістан
EN

«Балалардың шайынан құрт шықты»

110
24.10.2024

Балалардың шайынан құрт шықты. Оқиға Алматы облысындағы мектептердің бірінде болған. Асханадағы антисарияны арнайы тексеріспен барған «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының белсендісі Әсет Оңалбаев көрген. Қор белсендісі осыған дейін Алматы қаласы, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстарындағы мектеп асханаларын тексерген болатын. Алматы облысындағы тексеріс барысында бір мектепте егеуқұйрық жүрсе, енді бірінде балаларға ашыған айран берген. Әсет Оңалбаев видеоларды көрсетіп, тиісті шара қабылдауды талап етуде.