Түркістан
EN

7 млн теңге айыппұл жинаған жүргізуші ұсталды

140
24.10.2024

Алматыда 19 жастағы жүргізуші аз уақыт ішінде 195 рет жол ережесін бұзған. Оны тәртіп сақшылары қаланың Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында ұстаған. Жас жігіт жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға асырғаны анықталып отыр. Теміртұлпардың өзі көрші Қырғызстанда тіркеліпті. Қазіргі уақытта  жүргізуші сот қаулысымен әкімшілік қамаққа алынып, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.