Түркістан
EN

Түркістанда Қабанбай батырға арналған ескерткіш орнатылды

448
15.12.2021

Түркістанда Қабанбай батырға арналған ескерткіш орнатылды. Мүсін авторы елімізге танымал суретш - Сұлтан Иляев. Автор 18 ғасырда Жоңғарларға қарсы қол бастаған батырдың тау тұлғасын айнытпай бейнелей білген. Аталған монумент алғаш рет 2008 жылы ашылған болатын. Алайда Түркістанның бас жоспарының өзгеруіне байланысты  бүгін батырдың алып тұлғалы мүсіні қала орталығына көшірілді. Игі іске кәсіпкер Ерболат Нышанбайұлы мұрындық болып, ескеркішті орнатуға өз қалтасынан 31 млн теңге көлемінде қаражат бөлді. Тіпті монумент айналасына аллея да салып берді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық ардагерлер алқасы, зиялы қауым өеілдері қатысып, еңселі ескерткіштің лентасын қиды