Түркістан
EN

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

46
24.10.2024

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметкерлер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.  Жалпы биыл мемлекеттік наградаларды тағайындау кезінде қарапайым еңбек адамдарына екпін берілген. Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар. Сондай-ақ жерлесіміз көрнекті ғалым, жазушы Құлбек Ергөбекке «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін Абай атындағы мемлекет сыйлығы берілді. Сонымен қатар биылдан бастап бұл тізімге «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы қосылды.