Түркістан
EN

Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды заңсыз аулау дерегі анықталды

108
24.10.2024

Созақ ауданында Қызыл кітапқа енгізілген жабайы жануарларды заңсыз аулау дерегі анықталды. Дәлірек айтқанда, күдіктілерден 16 дана ақбөкеннің денесі, 2 пышақ, 58 аңшы мылтығының оғы мен бірнеше мылтық тәркіленді. Жергілікті полицейлер көліктегі 4 ер адамды бөлімшеге жеткізді. Олар Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты.