Биыл еліміздегі білім беру ісінің үздігі, ақын Пернебек Үсенбайдың дүние есігін ашқанына – 100 жыл. Осыған орай Арыс қаласында «Қалдырдым жырдан өсиет» атты облыстық поэзия байқауы өтті. Сайысқа Түркістан облысының түкпір-түкпірінен келген 15 үміткер қатысты. Сондай-ақ бұл шарада мәдениет саласының танымал өкілдері, сазгер Төлеген Мұхаммеджанов мен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева да болды.