Түркістанда Республика күніне орай «Балалар - еліміздің болашағы» атты «TYRAN FEST» батпырауық фестивалі өтті. Ауқымды шараға «Облыстық жас туристер станциясы» мұрындық болып отыр. Фестиваль автошерумен басталып, батпырауық ұшырумен аяқталды. Мерекелік жиынға барлығы 100 оқушы мен туристер станциясының 50 қызметкері қатысып, мерекенің мерейін асырды. Толығырақ тілші материалынан көріңіз!