Түркістанда Республика күніне орай «Балалар - еліміздің болашағы» атты «TURAN FEST» батпырауық фестивалі басталды. Ауқымды шараға «Облыстық жас туристер станциясы» мұрындық болып отыр. Фестиваль барысында қаз-қатар тізілген көліктер мемлекеттік туымызды көкке көтеріп, қала көшелерімен жүріп өтті. Велошабандоздар да шеруден шет қалмады. Алып батырлар, садақшылар, бүркітшілер мен тазы иттер шараның шырайын келтіріп, көпшілікке патриоттық рух берді. Мерекелік жиынға барлығы 100 оқушы мен туристер станциясының 50 қызметкері қатысып, мерекенің мерейін асырды.