Түркістан
EN

Үкімет егін жинау науқанын қорытындылады

70
23.10.2024

Елімізде егін жинау науқаны аяқталды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,3 млн гектарды құрап, 26,5 млн тонна астық бастырылған. Ал орташа өнімділік гектарына 16 центнер болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Негізгі астық егетін өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысында жоғары өнімділік тіркеліп, гектарына 18,6 центнерге жетіпті. Ал Оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында да жоғары көрсеткіштер байқалады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты.