Түркістан
EN

Жанар-жағармайды заңсыз алып өтудің 1200-ден астам жағдайы анықталды

58
23.10.2024

Мұнай өнімдерін сыртқа заңсыз тасу дерегі азаяр емес. Жамбыл облысында жанар-жағармайды алып өтудің 1200-ден астам жағдайы анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қазан айының өзінде шекарашылар жанармайды заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кескен. Күдіктілер мұнай өнімдерін шетелге асыру үшін жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдаланған. Қазір аталған фактілер бойынша материалдар құзыретті органдарға берілген.