Түркістан
EN

Егін жинау науқаны аяқталды

33
23.10.2024

Елімізде қандай азық-түлік қымбаттауы мүмкін? Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осы сұраққа жауап берді. Және бағаны тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, өңірлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен 100 пайыз қамтылған. Олардың ішінде ұн, тұз, күріш, макарон, май картоп пен қой еті, сиыр еті және сәбіз бар. Жалпы алғанда республика құс етімен 73 пайызға, шұжық өнімдерімен 60 пайызға, балық өнімдерімен 60 пайызға өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр екен. Дегенмен премьер-министрдің орынбасары елімізде өндірілмейтін кейбір көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы қымбаттауы мүмкін екенін жасырмады.