Үкімет «Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын» қабылдады. Оның аясында республика бойынша 270 мың тонна балық өсіру жоспары бекітілген. Нәтижесінде, Түркістан облысы бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Облыста жергілікті маңызы бар 104 су айдыны заңдастырылған. Қазір өңірде 158 тоғанды балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда балық ресурстарының өсімін молайту мақсатында «Шардара» су қоймасына «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 635 мың дана шабақ жіберген.