Күні ертең, 23 қазан - Түркістан қаласының мерекесі. Осыған орай, қала аумағында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Әуелі 14 қазанда орталықтандырылған кітапханашылар көрмесі болды. Одан соң, турнир, фото байқау, жас ақындар айтысы өтті. Ұлттық спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастырылды. Ал бүгін қолөнершілер фестивалі мен суретшілер көрмесі өтті.