Фотошоппен жасалған жалауларды желіде жария етіп , күлкіге қалды. Айтулы мерекеге орай Алматы облысындағы Панфилов ауданының әкімдігі шара ұйымдастырған. Алайда жұртты жалған есепсуретпен алдап, терезелерге компьютерлік бағдарлама арқылы тудың бейнесін қойған. Оған қатысты пікірталас көбейген соң әкімдік парақшасынан фотоны өшіріп тасапты. Ал кәсіби графикалық дизайнер жалауларды фотошопты нашар меңгерген маман салған деген пікірін қалдырған.