Түркістан облысында игерілмей қалу қаупі бар және мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржылар қысқартылады. Атап айтсақ, денсаулық сақтау, жол, дін, цифрландыру мен әлеуметтік салаға бөлінген қаржы құрылыс жүріп жатқан нысандарға жұмсалмақ. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті комиссия отырысында айтылып, 2024-2026 жылдарға арналған бюджет талқыға түсті.