25 қазан - Республика күніне орай Түркістан облысында 100-ден астам іс-шара өткізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтылды. Елдігіміз айқындалып, Егемендік декларациясы қабылданған күн осылайша жан-жақты насихатталмақ. Ұлттық мереке күні Президентіміз Ақордада Мемлекеттік ту көтеру рәсімін өткізсе, бұл іс-шара біздің өңірде Түркістан қаласындағы Рәміздер алаңында өз жалғасын таппақ. Сондай-ақ, бұл күні әр саладағы еңбек сіңірген қызметкерлер, ерлік көрсеткен азаматтар марапатталады.