Қазақстан мен Өзбекстан құны құны 352 млн доллардан асатын 76 құжатқа қол қойды. Ел аумағында 65 кәсіпорын ашылып, 13 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бұл туралы Самарқан қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» 4-ші өңіраралық форумында айтылды. Жалпы Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда серіктесі. Жыл басынан бері елдер арасындағы өзара тауар айналымы 2,5 млрд АҚШ долларына жеткен. Қазір Өзбекстан тауар айналымының жартысынан көбі Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді. 18 бағыт бойынша әр түрлі көлікпен жолаушылар тасымалы реттелген. Бұл байланыстар енді одан әрі тереңдетілмек.