Түркістандық жас патриоттар елге оралды. Облыс атынан барған бір топ үздік оқушылар Алматы қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жас патриоттардың алтыншы Республикалық форумына қатысқан. Патриоттық тәрбие беруді көздейтін форумда Түркістандық оқушылар үздік нәтижеге қол жеткізді.