Түркістан
EN

Есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды

62
22.10.2024

Есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды. Оның құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған. Қылмыскерлерді ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды. Бас прокуратураның хабарлауынша, қылмыстық топ Астана аумағында заңсыз сауда жасау әдбен дайындалған. Бейнебақылау жүйесімен жабдықталған үй, шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін тіпті гаражды жалға алған. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Осылайша ұйымдастырушы 23 жылға, ал сыбайластары 22 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандықтарынан айырылды.