Түркістан
EN

Түркістандағы тарихи орындарға 734 мыңға жуық адам келген

124
22.10.2024

Жыл басынан бері Түркістан облысындағы тарихи орындарға 730 мыңнан астам адам келді. Оның 535 мыңы «Әзірет сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығын тамсашаласа, 200 мыңы «Отырар» қорық-музейімен танысқан. Айта кетсек,  облыс аумағында 1780 тарихи және мәдени ескерткіш орналасқан. Оның ішінде қожа ахмет ясауи кесенесі халықаралық маңызы бар нысанға жатады. Ал, 40 ескерткіштің республикалық маңызы бар.