Түркістан облысында жалған ақпарат таратудың 3 дерегі тіркелді. Бұл туралы "КИБЕРКЕҢІСТІКТЕ АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУ МӘДЕНИЕТІ" атты семинарда айтылды. Облыс орталығында өткен жиынға құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері, қоғамдық бірлестік мүшелері, журналистер мен блогерлер және қатысты. Жиналғандар киберкеңістікте жалған ақпараттың таралуының алдын алу және фейк және шынайы ақпараттың ара-жігін ажыратуды үйренді.