Түркістан
EN

Қылмыстық схемаға тарту: ҚМА қазақстандықтарға үндеу жасады

60
22.10.2024

Қазақстанда төлем картасы арқылы алдап-арбау көбейіп кетіпті. Осыған байланысты қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, азаматтар қаржылық операциялар жасау үшін банк карталарын үшінші тұлғаларға беріп, қылмыстық істерге тартылуы мүмкін. Мысалы есірткі сатумен байланысты схемаларда жалпы айналымы 22 млрд теңге болатын 30 мың банк картасы пайдаланылған. Ал мұндай заңсыз әрекеттерге қатысу тұлғалардың мүлкін тәркілеу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік сияқты ауыр салдарға әкеледі. Соңғы зерттеулеріне сәйкес, қаржылық қиындықтарға тап болғандардың көбі жұмыссыздар, студенттер және әлеуметтік осал топ өкілдері екені анықталып отыр.