Қытайлық электронды сауда желісі Қазақстанға тауар тасымалдауын уақытша тоқтатты. Pinduoduo маркетплейсінің сайтында "жүйені жаңартуға байланысты уақытша жұмысымызды тоқтатамыз" деп көрсетілген. Ал тауарды қабылдап алушы "Қазпошта" акционерлік қоғамының мәліметінше, 19 қазаннан бастап маркетплейс жүйесінде техникалық жұмыстар мен жаңартулар жүргізіліп жатыр. Ал салмағын өлшеп, жеткізуіне ақы сұрайтын жекеменшік жеткізуші компаниялар сауда желісі 48 сағат ішінде қосылады деп кесіп айтқан. Айта кетсек, Pinduoduo – тікелей өндірушіден тауар сатып алу мүмкіндігін ұсынатын Қытайдың электронды коммерциялық платформасы.