Түркістан
EN

Коронавирусты жұқтыру дерегі 31%-ға азайды

205
15.12.2021

Елімізде 136 мың азамат ревакцинациядан өтті. Десе де, екпе егу қарқынын күшейту керек. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді. Өйткені шет елдерде жағдай күрделі. Мәселен көршілес Ресейде коронавирустың «омикрон» штамын жұқтырғандардың саны 16-ға жеткен. Сол үшін шекарадағы эпидемиологиялық бақылауға да мән берген жөн дейді Мамин. Ал Денсаулық сақтау министрі елімізде коронавирус жұқтыру дерегі екі аптада 31 пайызға азайғанын айтты. Қазір ауруханалардағы орындардың 80 пайызы босаған.