Түркістан
EN

Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

54
22.10.2024

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті. Мохамад Рахман «Voice of Turan-2024» қазақ әндерін орындаушылар байқауына арнайы келген. Себебі халықаралық ән байқауына биыл алғаш рет индонезиялық әнші қатысуда. Елшінің айтуынша, бұл Қазақстанда  Индонезия халқының мәдениетінің танылуына және елдер арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына септігін тигізбек.