Түркістан облысында жыл басынан бері 3,5 мың доза синтетикалық есірткі тәркіленді. Полицейлер есірткінің заңсыз айналымына қатысты барлығы 629 дерек анықтаған. Ал есірткі сату бойынша 35, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз егу бойынша 67, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 10 жайтты тіркеді. Жедел-іс шаралар нәтижесінде 1 есірткі зертханасының жұмысына тосқауыл қойылды.