Түркістан
EN

Ағыбет ауылының тұрғындары электр бағаналарын жаңартуды сұрайды

71
22.10.2024

Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылы тұрғындары электр бағаналарын жаңартуды сұрайды. Сондай-ақ, көшелерді асфальттау мен ауызсу мәселесі де өзекті. Ауыл халқы бұл мәселелерін тікелей аудан әкімі Ерлан Нұрмаханаовқа қойды. Аудан әкімі халықпен кездесуде әр сауалды мамандарына жүктеп, шешу үшін жұмыс жасайтындарын айтты. Сондай-ақ, ауыл жұртшылығына аймақта атқаралып жатқан жұмыстар жайлы да баяндады.