15 жастағы қызды зорлаған күдікті қамауға алынды

10
21.10.2024 20:35

Түркістанда 15 жастағы қызға азғындық жасаған күдікті қамауға алынды. Қоғам белсендісі  Құрал Сейітханұлы айтуынша оқиға Жаңа қала шағын ауданында болған. Өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған 33 жастағы ер адам қызды жалдамалы пәтерлердің біріне апарып, шешіндіріп суретке түсірген. Соңынан жыныстық қатынасқа түсіп, жалаңаш суреттерін желіге жүктеймін деп бопсалаған. Сондай-ақ қоғам белсендісі күдіктінің телефонынан 15-ке жуық кәмелетке толмаған жас қыздың жалаңаш фотолары табылғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Қазіргі таңда бұл мәліметтердің рас-өтірігі анықталып жатыр.